• Басты бет
  • Жоба туралы
  • Медиа-кит
  • Байланыс
Суббота, 9 августа, 2025
BÖRITIMES

world-weather.ru/pogoda/kazakhstan/ust_kamenogorsk/14days/
world-weather.ru

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана
KZ | RU
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика және бизнес
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Оқиғалар
  • Әлем жаңалықтары
  • Подкасттар
  • Бейне
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика және бизнес
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Оқиғалар
  • Әлем жаңалықтары
  • Подкасттар
  • Бейне
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
BÖRITIMES
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
Басты бет Жаңалықтар

Семейде Түркістан облысының мәдени күндері өтуде

Семейге Түркістан облысынан 540 тоннадан астам өнім жеткізілді

Redaktor Boritimes Redaktor Boritimes
02.08.2025, 19:37
Жаңалықтар
Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар легі аясында Семей қаласында Түркістан облысының мәдени күндері басталды, деп хабарлайды BöriTimes Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі күнге созылатын бұл іс-шара қос облыс арасындағы ынтымақтастық негізінде оңтүстік өңірден тойға тарту ретінде ұйымдастырылып отыр.

Мәдени күндер аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ашылды. Түркістан өңірінің табиғи әрі сапалы өнімдері нарықтағыдан төмен бағамен саудаланып жатыр. Жәрмеңкеге Түркістан облысынан 540 тоннадан асатын, 40-қа жуық өнім түрлері жеткізілді. Оның ішінде 194 тонна картоп, 81 тонна бау-бақша өнімдері, 71 тонна жеміс-жидек, 167 тонна сүт өнімдері, бал, шырын, шұжық, жұмыртқа сынды жергілікті қайта өңделген өнімдер бар. Әсіресе дәмі тіл үйіретін Мырзашөлдің қауыны мен Шардараның қарбызына сұраныс көп болды.

Түркістан облысының мәдени күндері аясында қолөнер шеберлерінің көрмесі де ашылды. Мұнда ағаштан, киізден, қыштан жасалған бұйымдар, тоқыма кілемдер, зергерлік әшекейлер мен түрлі кәдесыйлар жұртшылық назарына ұсынылуда.

Сондай-ақ мәдени күндер аясында киелі Түркістаннан арнайы келген «Тұмар» этно-фольклорлық ансамблі, «Фараб» би ансамблі, «Сарын» тобы мен Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияның әншілері жәрмеңке мен көрмеге жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда.

Бүгінгі шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған, халыққа ыңғайлы жасалған. Қалада тұратын көп адамның саяжайы жоқ, өз өнімін өсірмейді. Мұндай жәрмеңкелер тұрғындарға аса қажет. Бағалар да қолжетімді, базардағыдан әлдеқайда арзан. Тұрғындар көп келіп жатыр, бәрі риза. Осындай шаралар жиі өтіп тұрса деген тілегім бар, — деді қала тұрғыны Сағдат Сыздықбаева.

Іс-шара өтіп жатқан аумақта төрт павильоннан тұратын фудкорт аймағы да жұмыс істеп тұр.

Түркістан облысының мәдени күндері аясындағы ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Берік Уәли келіп, жәрмеңке мен көрмені аралап, өнерпаздардың өнерін тамашалады. Абай облысының тұрғындары атынан Түркістан облысының басшылығына, ұйымдастырушыларға, барлық қатысушыларға алғысын жеткізді.

Түркістан түркі дүниесінің рухани астанасы ғой. Семей – алаштың алғашқы астанасы. Екі рухани өңірдің бауырластығы, ынтымақтастығы қуантады. Ең бастысы, мұнда баға қолжетімді. Жәрмеңкенің үлкен мерейтойдың кезінде ұйымдастырылғанын халық жақсы қабылдап жатыр. Бұл шара Шығыс пен оңтүстіктің арасын жалғаған алтын көпір болды. Халыққа қажет осындай жәрмеңкелерді алдағы уақытта да ұйымдастыру үшін әріптесім Нұралхан Көшеровке тұрғындардың өтінішін айтып, қолқа салатын боламыз, — деді аймақ басшысы.

Жәрмеңкені ұйымдастырушылар өнімдерге халық тарапынан сұраныстың жоғары болғанын айтты.

Абай өңірі, Семей халқы бізді жылы қабылдап жатыр. Талай жәрмеңкелерді ұйымдастырып жүрміз. Бірақ халықтың мынадай ықыласын бірінші рет көріп тұрмыз. Таңғы сағат 7-ден бастап жиналып, өнімдерімізді алып жатыр, — деді Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ермұхамбет Құралбеков.

Тегтер: Абай облысыАбай-180жылБерік УәлиСемейШҚО
Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыз:
  • facebook
  • instagram
  • youtube
  • tiktok
  • telegram

Тағы оқыңыз

Пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек: теміржол жолаушыларына маңызды нұсқаулық
Қоғам

Пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек: теміржол жолаушыларына маңызды нұсқаулық

05.08.2025, 11:39
Қоғам

Интернет алаяқтардың құрбаны болған қазақстандықтар ағымдағы жылы 18,2 млрд теңгесінен айырылды

02.08.2025, 19:10
Ағымдағы жартыжылдықта алты мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Жаңалықтар

Ағымдағы жартыжылдықта алты мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

30.07.2025, 15:52

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Как получить грант акима на обучение в вузе

Как получить грант акима на обучение в вузе

25.05.2025, 20:21

Интернет алаяқтардың құрбаны болған қазақстандықтар ағымдағы жылы 18,2 млрд теңгесінен айырылды

02.08.2025, 19:10
Пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек: теміржол жолаушыларына маңызды нұсқаулық

Пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек: теміржол жолаушыларына маңызды нұсқаулық

05.08.2025, 11:39
Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Семейде Түркістан облысының мәдени күндері өтуде

02.08.2025, 19:37
Конституция күніне орай қазақстандықтар қалай демалады?

Конституция күніне орай қазақстандықтар қалай демалады?

30.07.2025, 15:33

БІЗ ТУРАЛЫ

BÖRITIMES— Шығыс Қазақстан өмірі туралы өңірлік жаңалықтар порталы. Біз күн сайын өңірде, Қазақстанда және әлемде болып жатқан қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық және саяси маңызды оқиғаларды жариялап отырамыз.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 771 483 38 21
Email: info@boritimes.kz

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

BÖRITIMES әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Жоба туралы
  • Медиа-кит
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. BÖRITIMES - Қоғамдық, әлеуметтік және экономикалық ақпараттық сайт

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Басты бет
  • Барлық жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика және бизнес
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Оқиғалар
  • Әлем жаңалықтары
  • Подкасттар
  • Бейнегалерея
  • KZ
  • RU

© 2025. BÖRITIMES - Қоғамдық, әлеуметтік және экономикалық ақпараттық сайт