• Басты бет
  • Жоба туралы
  • Медиа-кит
  • Байланыс
Четверг, 31 июля, 2025
BÖRITIMES

world-weather.ru/pogoda/kazakhstan/ust_kamenogorsk/14days/
world-weather.ru

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана
KZ | RU
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика және бизнес
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Оқиғалар
  • Әлем жаңалықтары
  • Подкасттар
  • Бейне
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика және бизнес
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Оқиғалар
  • Әлем жаңалықтары
  • Подкасттар
  • Бейне
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
BÖRITIMES
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
Басты бет Жаңалықтар

Ағымдағы жартыжылдықта алты мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды

Redaktor Boritimes Redaktor Boritimes
30.07.2025, 15:52
Жаңалықтар
Ағымдағы жартыжылдықта алты мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Фото: pixabay.com

2025 жылда 6 755 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 154,8 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды BöriTimes ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы, 45,1%-ы – Қытайдан, 41,7% – Өзбекстаннан, 5,4% – Түрікменстаннан, 2,8% – Монғолиядан, 2,4% – Ресейден және 2,6% – басқа елдерден.

Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,8%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31%-ды және зейнеткерлер 9,2%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша
16%-ы жоғары білімді, 27,1%-ы орта кәсіби білімді, 54,6%-ы жалпы орта білімді, және 2,3% білімі жоқ.Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қоныстандыру өңірлерінде 2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адамды құрайды. 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 1 092 қандас қоныс аударды, делінген хабарламада.

Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (275,2 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (59-дан 118 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.

Жыл басынан бері 494 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 188 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар, ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,56 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.

Тегтер: әлеуметқазақстанқандасмиграция
Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыз:
  • facebook
  • instagram
  • youtube
  • tiktok
  • telegram

Тағы оқыңыз

Конституция күніне орай қазақстандықтар қалай демалады?
Жаңалықтар

Конституция күніне орай қазақстандықтар қалай демалады?

30.07.2025, 15:33
Қасым-Жомарт Тоқаев Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті

29.07.2025, 14:40
Астанада бауыр трансплантациясынан өткен адам 10 шақырымдық қашықтыққа жүгіреді
Қоғам

Астанада бауыр трансплантациясынан өткен адам 10 шақырымдық қашықтыққа жүгіреді

29.07.2025, 14:15

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Конституция күніне орай қазақстандықтар қалай демалады?

Конституция күніне орай қазақстандықтар қалай демалады?

30.07.2025, 15:33
Астанада бауыр трансплантациясынан өткен адам 10 шақырымдық қашықтыққа жүгіреді

Астанада бауыр трансплантациясынан өткен адам 10 шақырымдық қашықтыққа жүгіреді

29.07.2025, 14:15
Фото: pixabay.com

Қазақстанға 1,5 мың тоннаға жуық экологиялық қауіпті шиналар заңсыз әкелінген

29.07.2025, 13:05
Ағымдағы жартыжылдықта алты мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Ағымдағы жартыжылдықта алты мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

30.07.2025, 15:52
Қасым-Жомарт Тоқаев Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті

29.07.2025, 14:40

БІЗ ТУРАЛЫ

BÖRITIMES— Шығыс Қазақстан өмірі туралы өңірлік жаңалықтар порталы. Біз күн сайын өңірде, Қазақстанда және әлемде болып жатқан қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық және саяси маңызды оқиғаларды жариялап отырамыз.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 771 483 38 21
Email: info@boritimes.kz

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

BÖRITIMES әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Жоба туралы
  • Медиа-кит
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. BÖRITIMES - Қоғамдық, әлеуметтік және экономикалық ақпараттық сайт

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Басты бет
  • Барлық жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика және бизнес
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Оқиғалар
  • Әлем жаңалықтары
  • Подкасттар
  • Бейнегалерея
  • KZ
  • RU

© 2025. BÖRITIMES - Қоғамдық, әлеуметтік және экономикалық ақпараттық сайт