• Басты бет
  • Жоба туралы
  • Медиа-кит
  • Байланыс
Сейсенбі, 24 Маусым, 2025
BÖRITIMES

world-weather.ru/pogoda/kazakhstan/ust_kamenogorsk/14days/
world-weather.ru

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана
KZ | RU
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика және бизнес
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Оқиғалар
  • Әлем жаңалықтары
  • Подкасттар
  • Бейне
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика және бизнес
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Оқиғалар
  • Әлем жаңалықтары
  • Подкасттар
  • Бейне
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
BÖRITIMES
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
Басты бет Жаңалықтар Спорт

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Redaktor Boritimes Redaktor Boritimes
23.06.2025, 20:54
Спорт
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Фото: Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Өткен аптада қазақстандық спортшылар көркем және спорттық гимнастика, семсерлесу, грек-рим күресі, байдаркамен есу және теннис бойынша жарқын жеңістерге қол жеткізді, деп хабарлайды BöriTimes.

Ақмарал Ерекешеваның тарихи алтыны

16-23 маусым күндері Болгария астанасы Софияда өткен юниорлар арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті. Аталған жарысқа 7 спортшымыз қатысып, тарихи нәтижеге қол жеткізді.

Атап айтқанда, Ақмарал Ерекешева үш бағдарламада финалға шығып, доп және лента жаттығуларында алтын, шығыршық жаттығуында күміс медаль жеңіп алды. Осылайша, жерлесіміз тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұған дейін жерлестеріміздің ең үздік нәтижесі — 4-орын болатын.

Олимпиада чемпиондарымен шеберлік байқасты

16-23 маусым күндері Индонезияның Бали қаласында өткен семсерлесуден сары құрлық бәсекесінде ұлттық құрама спортшылары бір күміс, бір қола медаль жеңіп алды. Командалық сайыста Қазақстан құрамасы әлемдегі көшбасшылардың бірі, Олимпиада чемпионы Жапония құрамасымен сынға түсіп, 24:45 есебімен қарсылас жеңіске жетті.

Команда сапында Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Кирилл Проходов өнер көрсетті.

Айта кетейік, жарыс барысында Қазақстан құрамасы 1/16 кезеңде Түрікменстаннан, кейін Сингапурдан, жартылай финалда Қытайдан басым түсті. Осыған дейін чемпионатта Вадим Шарлаимов жекелей сында қола жүлдегер атанған еді.

Ташкенттегі жарыста 3 спортшымыз тұғыр сатысына көтерілді

18-21 маусымда Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен спорттық гимнастикадан Challenge Cup жарысында ұлттық құраманың 3 спортшысы тұғыр сатысына көтерілді.

Қоссырық жаттығуының финалында Ильяс Азизов күміс (13.100 ұпай), тағы бір отандасымыз Дмитрий Патанин қола жүлдегер (12.700 ұпай) атанды. Бұл жаттығуда жарыс қожайыны Акрорхон Темірхонов 13.550 балл жинап, топ жарды.

Ал әйелдер арасында бөрене жаттығуында Көркем Ербосынқызы финалда үздік үштікті түйіндеді. Отандасымыз 12.100 балл алып, Challenge Cup жарысындағы алғашқы жүлдесін мойнына тақты.

Қазақстан грек-рим күресінен Азия чемпионатында топ жарды

2025 жылғы 18-21 маусым күндері Вунгтау қаласында (Вьетнам) өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында отандық палуандар 6 алтын (Ерасыл Мамырбеков, Исхар Құрбаев, Бағдат Сабаз, Ақжан Ықыласов, Майис Әлиев, Виктория Хусаинова), 6 күміс (Мақсат Сайлау, Юсуф Мациев, Джохар Узаров, Мерей Базарбаев, Елнар Шілдебай, Нұрдәулет Бекенов, ) және 7 қола медаль (Диас Қалтай, Нұрдәулет Сейілбеков, Асхаб Хаджиев, Әлімжан Сәлімжан, Зейнеп Баянова, Ангелина Первухина, Тыныс Дубек) жеңіп алды. Әсіресе, грек-рим күресінің өкілдері үздік нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте топ жарды.

Стелла Суханованың бір өзі Азия чемпионатында 4 алтын медаль жеңіп алды

Таиландтың Районг қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден 18 бен 23 жас санатындағы Азия чемпионаты өтті. Сары құрлық бәсекесінде U23 санатында ұлттық құрама спортшылары сынға түсіп, 6 алтын (Денис Кленин, Стелла Суханова, Дмитрий Холмогоров, Егор Краснонос), 6 күміс (Әнуар Алмағамбетов, Ольга Сурмина, Мария Бровкова, Дмитрий Холмогоров, Егор Краснонос, Денис Кленин, Дмитрий Ладюков, Ольга Сурмина, Мария Бровкова, Виктория Фалалеева, Татьяна Гладкова) және 3 қола медальмен (Нұржан Муфуқұлұлы, Әнуар Алмағамбетов) жалпы есепте 2-орынға тұрақтады.

Биылғы чемпионатқа 16 мемлекеттен 270 спортшы қатысты. Қазақстан 18 бен 23 жас санатын қосқанда барлығы 12 алтын, 12 күміс, 7 қола жүлде иеленді.

Александр Бублик Галле турнирінің екі дүркін чемпионы атанды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Бублик Германияның Галле қаласында өткен ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанды. Финалда ол әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевті жеңді — 6:3, 7:6 (7:4). Осылайша, Бублик спорттық жолында ATP турнирлеріндегі бесінші титулына қол жеткізді. Соның ішінде ол екінші рет Галле (2023) додасында үздік шығып отыр.

Тегтер: қазақстанспортспортшылар
Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыз:
  • facebook
  • instagram
  • youtube
  • tiktok
  • telegram

Тағы оқыңыз

Сколько стоит породистый скакун в Казахстане
Спорт

Сколько стоит породистый скакун в Казахстане

26.05.2025, 11:28
Майк Тайсон может провести бой в Казахстане
Спорт

Майк Тайсон может провести бой в Казахстане

26.05.2025, 10:26
Студент из ВКО стал чемпионом Азии по гиревому спорту
Спорт

Студент из ВКО стал чемпионом Азии по гиревому спорту

25.05.2025, 11:23

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

23.06.2025, 20:54
Өскеменде шенеуніктер жаңа демалыс аймағын салмақшы

Өскеменде шенеуніктер жаңа демалыс аймағын салмақшы

13.06.2025, 21:00
Средний размер зарплаты в ВКО и Казахстане назвали в Бюро нацстатистики

Средний размер зарплаты в ВКО и Казахстане назвали в Бюро нацстатистики

12.05.2025, 17:55
«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында ШҚО-да «Ашық қабылдау» акциясы ұйымдастырылды

«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында ШҚО-да «Ашық қабылдау» акциясы ұйымдастырылды

23.06.2025, 21:51
Астананың бірінші қалалық ауруханасында алғаш рет ашық жүрекке ота жасалды

Астананың бірінші қалалық ауруханасында алғаш рет ашық жүрекке ота жасалды

13.06.2025, 21:00

БІЗ ТУРАЛЫ

BÖRITIMES— Шығыс Қазақстан өмірі туралы өңірлік жаңалықтар порталы. Біз күн сайын өңірде, Қазақстанда және әлемде болып жатқан қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық және саяси маңызды оқиғаларды жариялап отырамыз.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 771 483 38 21
Email: info@boritimes.kz

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

BÖRITIMES әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Жоба туралы
  • Медиа-кит
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. BÖRITIMES - Қоғамдық, әлеуметтік және экономикалық ақпараттық сайт

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Басты бет
  • Барлық жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика және бизнес
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Оқиғалар
  • Әлем жаңалықтары
  • Подкасттар
  • Бейнегалерея
  • KZ
  • RU

© 2025. BÖRITIMES - Қоғамдық, әлеуметтік және экономикалық ақпараттық сайт